«Ауыл клубына келгендей болдық»: Ақтөбелік көрермен Нұрболат Абдуллиннің концертін сынға алды

Источник: nur.kz

Ақтөбедегі Cтуденттер сарайында Нұрболат Абдуллин жеке концертін берді. Алайда туған жеріне келген әншінің концерті ауылдастарына ұнамаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Ұйымдастыру жағы нашар. Сырт киім шешетін орын жоқ. Концертті жүргізетін жүргізуші болмаған. Нұрболат уақытты созу үшін сахнада әзіл сияқты бірдеңелер айтты. Ауылдың клубында отырғандай болдық" деп жазады ақтөбелік тұрғын zhaloby aktobe парақшасында.

Айта кетейік, бұл концертке Ерке Есмахан да қатысу керек болған. Алайда әнші науқастанып қалғанын айтып, кешке қатыса алмаған. Әнші өзінің бұл ісі үшін көпшіліктен кешірім де сұраған.

Алайда желідегілер "Ерке болмаған соң, концертті басқа күнге ауыстыру керек еді" деп жазған.

"Бір күн дем алмай, Қазақстанның әр түкпірін шарлап, тыңдармандарымды қуантып жүргенімде, өзімнің туған жеріме келіп, қатты науқастан қалдым. Концертіме қатыса алмай қалғаным жаныма батып отыр", — деп жазды Ерке Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Нұрболат Абдуллиннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Добавить комментарий

Next Post

Интересные идеи для макияжа на Новый 2016 год

Чт Дек 20 , 2018
В новогоднюю ночь девушки как никогда хотят выглядеть привлекательно на протяжении всего времени празднования. Все без исключения представительницы прекрасной половины населения тщательно выбирают свой модный праздничный образ, сопоставляя его как со своими внешними