Азамат Сатыбалды елге танылмай тұрып, қарбыз сатып күн көрген

Источник: nur.kz

Бүгінде аса беделді отандық актерлар қатарында көш бастап тұрған Азамат Сатыбалды танымалдылығы оңайшылықпен келмеген. Актер өз саласының майталманына айналмай тұрып, түрлі жұмыс істеп күн көргенін айтты деп жазады "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды өзінің сұхбаты кезінде өткен өмірі жайлы біраз жайттың бетін ашты.

Айтуынша, күн көріс қамы үшін әртүрлі қара жұмыс істеп, пайда тапқан.

"Менің көптеген жолдастарымның барлығы біледі. Мен даяшы да, бармен де болып жұмыс істедім. Диджей де болған кезім бар. Мен қарбыз да саттым. Көптеген жұмыстармен айналыстым негізі" , — дейді актер.

Отандық жұлдыз бұл жұмыс тәжірибесі үшін арланбайтынын жеткізіп, керісінше қиын кезең оны жігерлендіре түскенін алға тартты.

Добавить комментарий

Next Post

Умер легендарный режиссер Марлен Хуциев

Чт Мар 21 , 2019
Источник: nur.kz В одной из московских клиник сегодня, 19 марта, скончался легендарный советский режиссер Марлен Хуциев. Ему было 94 года. Об этом сообщает РИА Новости. Марлен Мартынович умер этим утром в Боткинской больнице. С 16 марта он находился в реанимационном отделении. Состояние