Бүркіт тікелей эфирде әйелін жер көкке сыйғызбай мақтады

Источник: nur.kz

Бүркіт әйелі Аишаны отандық бағдарлама аясында жер-көке сыйғызбай мақтады. Әнші жұбайының отбасылық өмірде қандай екенін жасырмай айтты деп жазады "Астана" арнасындағы "Той жыры" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әрқашанда жүрген жерінде сәлем салып тұрады. Тіпті, тойларға шықсақ та, сәлем салып жүреді ғой. Өзіне тән нәзік мінезі бар, соған ғашық болдым ғой. Біз үйде ұрыспаймыз. Кейде арасында келіспеушіліктер болатыны анық. Бірақ шу-жанжал ешқашан болып көрмеген" , — деді әнші.

Аиша өз кезегінде ұлттық салт-дәстүрлер жайында бастапқыда хабарсыз болғанын ашық айтты. Ол көпшілік әдет-ғұрыптарды келін болғалы үйренген.

"Мен үшін көптеген салттар жаңалық болды. Олардың арасынан білмегендерім де болды. Алайда, жасауым керек болса, мен үшін ол мүлде қиын емес" , — деді әншінің жұбайы.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіт пен Аишаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Добавить комментарий

Next Post

"Құрмет" орденін тойлаған Мөлдір Әуелбекова жұрттың сынына ұшырады (видео)

Пт Дек 21 , 2018
Источник: nur.kz Мөлдір Әуелбекова "Құрмет" орденін алғанын дүркірете тойлаймын деп елдің сынына қалды. Марапатына қатты қуанған әнші жақындары үшін ұйымдастырған мерекелік кеште бидің түбін түсірген. Алайда, мәртебелі сыйға ие болған шоу-бизнес жұлдызының қылығы көпшілікке