Источник:
"Құрмет" орденін алған айтыскер ақын Балғынбек Имашев әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваның мемлекет тарапынан марапатталмағанына ренжіді деп хабарлайды NUR.KZ.
Балғынбек Имашев өзінің Instagram парақшасында "Құрмет" орденімен құттықтағандарға жауап ретінде, Айнұрдың айтыста өзіндік қолтаңбасы бар екендігін, осы уақытқа дейін 40 көлік мінсе де, ешқандай атақ қумағанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ Елбасымыз жиналыстарда оның айтыста айтқан жырларынан үзінді оқығанын, Тұрсынбаеваның шетелге барып қазақ өнерін насихаттағанын, осы еңбегін көре тұра мемлекеттің марапат ұсынбағанына ренжулі екендігін жазды.
Екі айтыскер бір-бірімен үнемі қалжыңдасып жүретінін қалың көпшілік жақсы біледі. Осы жолы да Балғынбек Имашев әзілдеуді ұмытпаған.
Тұрсынбаеваны "атажауым", "беделді мыстан", "ежелгі дұшпаным" деп әжуалап өлең шумақтарын арнаған.
"Келесі жылы "Еңбек сіңірген қайраткерді" алсам ба екен,
Әлде "Құрмет" орденін қобдишама салсам ба екен?
"Құрметті" мына аю алып қойды,
"Парасат" орденін тазы боп шалсам ба екем?
Жоқ, әлде, Балғынбекке на зло,
"Халықтың Қаһарманы" болсам бе екен? Қысқасы, Айтыстың Аққуы,
Айнұр Тұрсынбаеваға ақ мейірі мен пәк пейілі үшін, мойымайтын мәрттігі мен мойындамайтын қарттығы үшін, дәстүрлі достығы мен қасқырдай қастығы үшін, даладай дарxандығы мен тағыдай тарпаңдығы үшін, таусылмас төзімі мен сарқылмас сезімі үшін — Қазақстан Республикасы, Ақындық өнер министрлігі, Айтыскерлік комитеті, Суырыпсалмалық департаментінің атынан Алғыс жариялаймын!", — деп жазба қалдырды ақын.
Сондай-ақ ол мемлекеттік сыйлыққа "Анаға апара жол" фильмінің ие болғанына қатты қуанғанын жасырмады.