Меруерт Түсіпбаева «сырға салуға» ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекті сынап тастады

Источник: nur.kz

Меруерт Түсіпбаева "сырға салу" рәсіміне ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекті сынға алды. Әнші өміріндегі айтулы күндердің біріне шалбар киген бойжеткенге қатысты ойын ашығынан жеткізді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түсіпбаева танымал продюсер қызының ата-енесінің алдына ашық образбен шыққанына шүйліккен.

"Құдай сақтасын. Мен өз қызыма мұндайды рұқсат етпес едім. Меніңше, ұзату мен сырға салу — қазақтың інжу-маржаны. Ол — ата-бабамыздан қалған мұра. Қашан болса да, мен мұндайға көнбейтін едім. Оның бұл әрекетіне мүлде келіспеймін. Киіну мәдениетімізді осындай айтулы күндерде көрсетпесек, онда қазақ болмасын. Орыс па, еуропалық па болсын. Кіндігін ашу деген тіпті менің миыма сыймайды. Мен ойлаймын, бұл анасынан кеткен олқылық. Себебі, қыздардың тәрбиесі анасына тікелей байланысты" , — деп қайырды Меруерт Түсіпбаева.

Добавить комментарий

Next Post

Шнуров и Собчак обменялись матерными стихами

Пн Дек 24 , 2018
Источник: nur.kz Известный исполнитель рок-музыки Сергей Шнуров посвятил Ксении Собчак стихотворение, передает NUR.KZ. Артист опубликовал стих, в котором отозвался о телезвезде весьма нелицеприятно, в своем "Инстаграм"-аккаунте, где за его жизнью следят 4 200 000 человек. Причиной