Тыр жалаңаш суретін көрсеткен отандық актриса жаға ұстатты (фото)

Источник: nur.kz

Әлеуметтік желідегі парақшасына тыр жалаңаш түскен суретін жүктеген актриса Айсұлу Әзімбаева жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Instagram парақшасында орындықтың үстінде киімсіз отырған суретін салған Әзімбаеваға оқырмандары жағымды пікірді жарыса жазған.

"Керемет", "Мына сұлулықты суретке түсірген адам бақытты шығар", "Сіз батыл екенсіз", "Сұлусыз", "Мүсініңіз мінсіз екен", — деп пікір жазушылармен қатар оқырмандар арасында теріс пікір жазған азаматтар да табылды.

Олар актрисаның суретінің астына "Қазаққа тән емес", "Еліміздің масқарасын шығардың", — деген сыныд пікір қалдырған.

Айта кетейік, осыған дейін актриса сүйіктісіне опасыздық жасағанын ел алдында мойындаған болатын.

Өзінің жеке өмірі жайлы жақ ашып, мардымды дүние айтпайтын Айсұлу Әзімбаева сүйіктісінің көзіне шөп салған сәттерін де айтып берді.

Сондай-ақ, Айсұлу Әзімбаеваның «Дрэг-квин» стилінде ақ шашпен түскен суреті көпшілікті таңырқатпай қоймады.

Добавить комментарий

Next Post

Куат "Найман" снимется в клипе у Салтанат Бакаевой (фото)

Пн Дек 10 , 2018
Источник: nur.kz Казахстанский боец Куат "Найман" Хамитов, который не так давно снялся в новом клипе Луины на песню "Адреналин", на этот раз принял участие в съемках музыкального видео Салтанат Бакаевой. Об этом спортсмен сообщил на своей странице в Instagram, передает NUR.KZ.